×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Қуандықты құдағиыммен шатастырып алдым»: Бишімбаев сотында куәгер күтпеген жауапты берді

23.04.2024, 17:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында куәгер Гүлнар Насырбекова жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күмәнді хабарлама

Куәгер Гүлнар Насырбекова Қуандық Бишімбаевпен спорт залында танысқанын, бір клуб мүшесі болғанын айтты. Куәгер 9 қарашада Бишімбаев консультация алу үшін “Бау” мейрамханасына шақырғанын атап өтеді. Гүлнар құрбысы Әйгеріммен бірге мейрамханаға барған. Үшеуі бір жарым сағат сөйлескен.

“Не жайлы сөйлестіңіздер” деген сұраққа Насырбекова “гольф, спорт туралы әңгімелестік” деп жауап берді.

Прокурор Айжан Аймағанова түске дейін Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны зерттелген кезде Гүлнар Насырбекованың бір хабарламасын есіне салды. Бишімбаевпен 9 қарашада (Салтанат Нүкенова көз жұмған күні) «Бау» мейрамханасынан кейінгі кездесуден соң Насырбекова оған «сенің үстіңнен раушан гүлінің иісі аңқып тұр» деп жазып жіберген. Прокурор “бұл хабарламаны не үшін жаздыңыз?” деп сұрағанда Насырбекова былай жауап берді.

«Шынымды айтайын, маған Бишімбаевтан келген қоңырауды өткізіп алғаным жөнінде хабарлама келді. Ол менің ұялы телефонымда «Қуандық» деп сақталған. Ал Алена деген құдағиым менің телефонымда «Құдағи» деп жазылған. Біз «Баудан» шыққаннан кейін бірден торт пен гүл алуға кірдік. Ол мейрамханаға жақын жерде, «Мәскеу» қонақ үйінде орналасқан. Біз сол жерге кіріп, мен торт пен гүлді фотоға түсіріп, осы сөзді құдағиыма жазып жібергенмін. Бүгін ғана соны көргенде таңғалдым. Мен Бишімбаевқа емес, Алена құдағиыма жібердім деп ойладым», - дейді ол.

Насырбекова кейін сол фотосуретті құдағиы сторисінде салғанын айтады. 

«Біз бента-тортпен, раушан гүлімен құттықтау үшін барған едік», - дейді ол.

Десе де, прокурор құдағиы Қуандық Бишімбаевқа жіберген фотосуреті қалайша сторисіне салғанын айтып қазбалаған. Судья одан куәгерге басқа сұрақ қоюды талап етті.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

 

Серіктес жаңалықтары