Ақтөбеде “Мore Life” қоғамдық қорының директоры балаларды емдеуге арналған қаражатты иемденді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Ақтөбе облысының прокуратурасы бірқатар жәбірленушілердің өтініші бойынша ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы “аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
30 миллион теңгені жымқырған
"2023 жылы "MoreLife" ҚҚ директоры Ж. "церебральды сал ауруы"диагнозымен есепте тұрған жас баланы емдеуге 30 млн теңге көлемінде ақша жинау үшін жәбірленушілердің бірімен шарт жасасқан. Жиналған қаражатқа қол жеткізгеннен кейін күдікті Ж. жәбірленуші А. -ны кәмелетке толмаған баласымен Беларусь Республикасының Минск қаласына жібереді", - деді Ақтөбе облысының прокуратурасы.
Алайда, ведомствоның мәліметінше, жәбірленуші келген кезде жиналған ақша емдеу мекемесінің шотына аударылмағанын біледі.
"Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер облыс прокурорының жеке қабылдауында болды. Тергеу қатаң бақылауға алынды, жедел-тергеу тобы құрылды. Облыс прокурорының нұсқауы бойынша Мore Life қоғамдық қорының директоры ҚІЖК – нің 128-бабына сәйкес ұсталды, екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, барлық зардап шеккендердің саны және келтірілген залал сомасы белгіленеді.
Бұған дейін
Бұған дейін Ақтөбеде қайырымдылық қорының мүгедек балалар ақшасына қол салғаны туралы айтқан едік.
Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған қордың ақшасына басшылары қол салған. Емдеу үшін елден ақша жинап, артынан ерекше балалардың ата-аналарын алдап кетіпті. Шетелге апарып емдетпек түгілі, түрлі сылтау айтумен жүрген.
“Алматыда 11 химия терапиясынан өттік. Одан Мәскеуде өттік. Содан былтыр қыркүйек айында «Море лайфқа» хабарласып, көмек сұрадық, осылай баламызды шетелге апаруға деген. Біз бес күнде 5 млн жинап тапсырдық. Ол ақшаның тек бізге жұмсағаны 230 мың теңге. Астанаға барып-келуге жұмсалды. Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ.”- деді Ақтөбе қаласының тұрғыны, Темірхан Арун.