×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

“Қысымды тоқтатуды сұраймыз.” Бишімбаев қорғаушыларына қатысты адвокаттар алқасы үндеу жариялады

23.04.2024, 22:55
Ашық дереккөзден

Үндеуде олар (“Қ.Бишімбаев адвокаттары” авт.) өздерінің кәсіби жұмысын атқарып жатқандығын айтып қысымды тоқтатуды сұраған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Жұрт назарына 

Осылай деп жұрт назарын аударған адвокаттар алқасы алдымен құқықтық демократиялық мемлекетте әркімнің білікті заң көмегіне кепілдігі бар екенін атап өтеді.  

“Адам қандай ауыр қылмыс жасады деп айыпталмасын, адвокаттар оны заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен осы айыптаудан қорғауға міндетті. 
Қылмыстық процестің орбитасына тартылған адамдарға көмектесу –адвокаттың кәсіби борышы, оны ол қоғам мен мемлекеттің оның қорғауындағы адамға деген көзқарасына қарамай орындауы керек. 
...Сондықтан заң оларға тиісті құқықтар мен міндеттер береді және олардың мәртебесін қорғайды.” - деп жазылған үндеуде.  

Осы себептер бойынша адвокаттар Қ.Бишімбаевты заңға және кәсіптік әдеп ережелеріне сәйкес қалай қажет деп санайды, солай қорғауға тиіс және қорғайтынын және мәлімдейді. 

Сондай-ақ бірбеткей адвокаттарды қудалау әрекеттері Қазақстан тарихында бұрын да болғанын, енді қайталанбас үшін күрес жүріп жатқанын да айтады. 

Және адвокаттардың клиент алдындағы міндеттерін де көрсеткен. 

  • “Адвокат белсенді болуы керек, қайшылықтарды, дәлсіздіктерді және жіберілген бұзушылықтарды анықтауы тиіс, өтінішхаттар мен шағымдарды мәлімдеуі, түсініктеме беруі керек.
  • Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн тұлғаға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады.
  • Адвокат көмек сұраған адамның мүдделеріне адалдықты сақтауға міндетті және оның мүдделеріне қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды. 
  • Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ. Ол өзінің клиенті таңдаған ұстаным қандай болмасын, өз клиентін қорғауды соңына дейін жеткізуі керек.” 

158 адвокат жауапқа тартылған

Айта кетейік, Республикалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының құрамына алты адвокаттан басқа, Жоғарғы соттың құрметті отставкадағы екі судьясы кіреді, олардың бірі осы орган төрағасының орынбасары, сондай-ақ үш танымал профессор мен заң ғылымдарының докторы, олардың бірі ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. 

2023 жыл ішінде 158 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 15-і адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, адвокаттар алқасынан шығарылды. 

Серіктес жаңалықтары