×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Олимпиадаға баратын тұңғыш мерген. Ол кім?

24.04.2024, 00:05
olympic.kz

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір олимпиадалық жолдамамен толықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ислам Сәтбаев

Оны Ислам Сәтбаев жеңіп алды. Ол Бакуде (Әзербайжан) өткен әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен (10 метр) нысана көздеуден төртінші орын алды деп мәлімдеді Ұлттық олимпиада комитеті. 

Рекорд орнатты

Сәтбаев бұл сында Қазақстан рекордын да орнатты. Финалда  632,7 ұпай жинап, аталған бағдарлама бойынша еліміздің ең үздік нәтижесін тіркеді. Қазіргі таңда ол өзінің тұңғыш Олимпиадасына қатысуға дайындалып жатыр.  

“Не болғанын түсінбедім”

"Шамасы, мен не болғанын соңына дейін түсінбеген сияқтымын. Мүмкін, біраз уақыт өткен соң сезініп, бақытым еселенетін шығар. Иә, бұл турнирден медаль ала алмадым. Алайда барлық қателікті түзеп, өзге жарыстарда тұғырға көтерілуге тырысамын", - деді Ислам.  

Досы ертіп келген

Исламның  спорттағы жолы мектеп қабырғасында басталған. Болашақ олимпиадашы жетінші сыныптан бастап спортқа ден қойған. Спортшының айтуынша, "Отан" деп аталатын тирға досы ертіп келіпті. Тап сол сәт оның өміріндегі маңызды эпизод болса керек. Исламның мергендік өнерге қызығушылығы күн сайын артып, нәтижесінде ол әлемдік деңгейдегі спортшыға айналды. Бір қызығы, нысана көздеуге бет бұрмас бұрын Ислам Сәтбаев үш жыл бойы каратэмен шұғылданған. 

“Қолдан келгенін істеп жатырмын”

"Олимпиадаға алғаш рет қатысқалы отырмын. Өте қуаныштымын. Бүгінде жазғы ойындарға жақсы дайындықпен бару үшін қолдан келгеннің  бәрін істеп жатырмыз. 2012 жылы нысана көздеуге бет бұрдым. Бұл спортқа сыныптасым алып келді. Алда Олимпиада ойындары күтіп тұр. Елімізді осындай ірі жарыста танытатыныма қуаныштымын", - дейді Сәтбаев.  

Жасанды интеллект қолданылады

Бұған дейін Париж олимпиадасында жасанды интеллект қолданылатынын жазған едік.

Бұл туралы халықаралық жарыстарды ұйымдастырушылар ұйымы мәлімдеді. Технология арқылы телекөрермендер үшін онлайн-көрсетілім сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Франция үкіметі жасанды интеллектке қатысты, қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Мәселен, адамның бет-әлпеті арқылы жұмыс істейтін бейнекамералардың сапасын арттырады.

Серіктес жаңалықтары