×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ сенаты Украинаға әскери көмек пакетін мақұлдады. Байден құжатқа бірден қол қойғалы отыр

24.04.2024, 09:09
АҚШ сенаты Украинаға әскери көмек пакетін мақұлдады. Байден құжатқа бірден қол қойғалы отыр
Фото: Ашық дереккөзден

Америка сенаты Украинаға, Израиль мен Тайваньға 95 миллиард доллар көлемінде әскери көмек беру жөнінде шешімді бекітті. Осы соманың 61 миллиарды Украинаға көмек ретінде бағытталады. АҚШ президенті Джо Байден көмек беру жөнінде құжатқа осы аптада қол қойғалы отыр, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz порталы ВВС орыс қызметіне сілтеме жасап.

Тик-ток пен Ресей активтері де бар

Бұл шешімнің күшіне енуіне президент Джо Байденнің қолы ғана қажет. Әлемдік агенттіктер Байден сенат дауыс бергеннен кейін бірден құжаттарға қол қоюға уәде бергенін жарыса жазып жатыр. Содан кейін Украинаға әскери көмектің алғашқы партиясы бірнеше күн ішінде жеткізіледі.

Пакетте төрт заң жобасы бар: Украинаға, Израильге және Тайваньға көмектесу туралы, ал төртінші ұсыныста TikTok-қа тыйым салу және қамауға алынған ресейлік активтерді сатуға рұқсат беретін REPO заңы бар.

Израильге көмек және АҚШ-тың Газа секторындағы гуманитарлық көмекке 26 миллиард доллар, ал Тайвань мен Үнді-Тынық мұхиты аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 8 миллиард доллар бөлінеді.

“Достарымызды күттірмейік”

Отырыс басталар алдында сенаттағы демократиялық көшбасшы Чак Шумер сыртқы көмекті мүмкіндігінше тез мақұлдауға шақырды.

– Шетелдегі достарымызға көмектесу үшін жұмысты тезірек аяқтайтын кез келді, - деді ол. — Мұны кейінге қалдырмайық, созбайық. Дүние жүзіндегі достарымызды бір минут та күттірмейік.

Республика партиясының жетекшісі Митч Макконнелл дауыс беру алдында Ресейдің Украинаға шабуылы, ХАМАС Израиль қалашықтарына шабуыл жасаған шақты еске алып, әріптестеріне одақтастары да, жаулары да Америка енді өзін ұстайтынын мұқият қадағалайтынын айтты.

– Достарымыз бізге қарап, Американың қырғи қабақ соғыста жеңіске жетуге көмектескен күшінің бар-жоғын түсінуге тырысты. Бұл ондаған жылдар бойы бейбітшілік пен өркендеу жолын қамтамасыз етті. Біздің жауларымыз демократия арсеналының берік құрылғанын анықтады. Сенат нақты сигнал жібереді, - деді Макконнелл.

Трамптың жақтастары неге қарсы

Төрт заң жобасының пакетіне 79 сенатор дауыс берді, ал 18-ге қарсы шықты. Қарсы дауыс бергендердің бірі, Алабама штатының республикашысы және Трамптың жақтаушысы Томми Табервилл. Олардың өз аргументі бар.

– Біздің істеп жатқанымыз – америкалықтардың жағынан соққан шапалақ сияқты. Шекараны жабу және экономиканы жақсарту жөніндегі заңдарды талқылаудың орнына, біз әлемдегі ең жемқор елдердің біріне миллиардтаған қаржыны жіберуге дайындалып жатырмыз. Украинадағы соғыс ұзақ уақыт бойы тығырыққа тірелді. Украинаның қалтасына ақша құйып, біз тек қақтығысты ұзартамыз, бұл жаңа өлімдерге апарып соғады, - деді сенатор Табервилл.

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық сенаторларға алғысын жолдады.