×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ермұрат Бапи: шу шықса мәжілістегі бес-алты депутат қана «отбиваться» етеміз

24.04.2024, 13:00
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Ермұрат Бапи Экономикалық құқықбұзушылықтарды декриминализациялау мәселесі жөнінде заң жобасының атауын қатаң сынады. Құжат бүгін төменгі палатада таныстырылған. Мәжілісмен қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовті заң жобасының атауы өзгертіп, түсіндіру жұмысын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экономикалық құқықбұзушылықтарды декриминализациялау мәселесі жөнінде заң жобасының бүгін төменгі палатада таныстырылымы өткен. Заң жобасын парламент депутаттары қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен бірлесіп, мемлекет басшысының 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" жолдауын іске асыру үшін әзірлеген.

Заң жобасында экономикалық құқықбұзушылықтарды одан әрі декриминализациялау және салық қылмыстары бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізу көзделеді.

Бапидың сыны

Талқылау барысында депутат Ермұрат Бапи заң жобасының атауын сынға алды.

– Экономикалық құқықбұзушылыққа декриминализация жасаса, халық оны қалай түсінеді? Осыны бір қоғам түсінетіндей қылуға болмай ма? Ей, қазақ, мынау былай дейтіндей. Өйткені ертең бізге, қол қойған президентке сөз тиеді. Осы жердегі бес-алты депутат қана “отбиваться” етеміз осы. Анау желінің бәрінде Абзалдан (Құспан – депутат) бастап бәрімізді белгілейді. Ертең осы заң үшін «Ескі Қазақстанды қорғап жатырсыңдар» деп бізге сөз келеді. Желіде түсіндіру керек. Анау «Хабар», «Қазақстан» арналарының онша тиімділігі болмайды. Халық көретін арналарға шығып, түсіндіру керек, – дейді ол.

Ермұрат Бапи “анау жақта жүрсем, шын-өтірігіне қарамай, дүрілдетіп сын айтуды сол күні бастайтын едім” дейді.

Агенттік өкілінің жауабы 

Жеңіс Елемесов депутатпен келіскен түр танытты.

– Дұрыс айтып отырсыз. Қоғамға жеткізу – біздің мақсат. Сол себепті бірнеше отырыс болды. Қоғамға түсіндіру, жеткізу бойынша біраз жұмыс жасаймыз деп ойлаймыз, – дейді ол.

«Қылмыссыздандырылатын» баптар

Заң жобасы бойынша сөйлеген депутат Абзал Құспан 2017 жылдан бастап 12 бап бойынша жазаны жеңілдету бастамашылық алғанын және 9 бап бойынша егер қылмыс алғаш рет жасалса және залал өтелсе қылмыстық жауаптылықтан босату көзделгенін, 3 бап бойынша қылмыстық жауаптылық алынып тасталғанын, 2 бап бойынша қылмыстық жауаптылықтың басталу шегі ұлғайтылғанын айтады. Көлеңкелі экономика бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуіне әкелетін жағдайларды ескере отырып, заң жобаларымен бизнестің мүдделерін қозғайтын қылмыстық кодекстің төрт бабын қылмыссыздандыру көзделген.

Қылмыстық кодекстің 219-бабы: (кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану) 

қылмыстық кодекстің 189 (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және 190 (алаяқтық) баптары бойынша саралануы мүмкін. Осыған ұқсас әрекет үшін жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 233-бабымен (ҚР заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі) көзделген.

Қылмыстық кодекстің 241-бабы: 

қылмыстық жауаптылық әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 239-бабында көзделген әкімшілік жауаптылықтан бірнеше есе жеңілдірек болғандықтан, нормаларды әкімшілік жауапкершілік дәрежесіне ауыстыру арқылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 239-бабының алтыншы бөлігімен толықтырылғандықтан өзгереді.

Бұл ретте «орау» схемаларын тергеу, салық төлеуден жалтару бойынша жұмыс қылмыстық кодекстің 216, 244 және 245-баптарының шеңберінде жалғастырылатын болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551-бабында жауапкершілікті көздей отырып, ірі мөлшерде құқық бұзушылық жасаудың саралау белгілерін қылмыстық сипаттан арылта отырып, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегін көтеру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары