×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Солтүстік Қазақстан облысында полиция подполковнигі қайтыс болды

25.04.2024, 11:09
5region

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полиция подполковнигі Иван Гугняк көз жұмған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция подполковнигі Иван Гугняктың қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері қызметкерлерді аттестаттауға дайындық кезінде көз жұмды деген ақпарат пайда болды.

Толығырақ

СҚО полиция департаменті офицердің қайтыс болғанын растады, бірақ оның дайындық кезінде өлім құшқанын жоққа шығарды.

– Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі полиция подполковнигі Иван Гугняктың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Қызметкердің қайтыс болуы кезектен тыс аттестаттаудан өту кезінде орын алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені оның лауазымы аттестатталушылардың тізбесіне кірмеген, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы полиция бастығының орынбасары Медет Бердімұратов қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары