×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматыдағы автобус апаты: прокурор сотталушыны 8 жылға соттауды сұрады

25.04.2024, 11:28
Алматыдағы автобус апаты: прокурор сотталушыны 8 жылға соттауды сұрады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус қағып, үш адамның өліміне апарып соққан қылмыстық іс бойынша сот ісі бүгін де жалғасып жатыр. Бүгінгі жарыссөзде прокурор Жандос Сауырбаев сотталушы Дархан Ахметжановты 8 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор не дейді?

Алматыда бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған деп айыпталған сотталушының ісінде бүгін жарыссөз болып жатыр.

– Жүргізушінің «ақы төле» деген талабына риза болмай, сотталушы жүргізушіден басқарып келе жатқан көліктің рұқсат етілмеген жерінде тоқтатуды талап еткен. Жүргізуші бірақ жұмысын жалғастырған. Ахметжанов заңды қатаң бұзып, автобустың жүріп келе жатқан жүргізугі Шөкебаеваның бетін екі рет соққа жасаған. Шөкебаева осы жағдайда бірнеше секундттқа есінен танып, жол бойындағы жаяу жүргіншілер мен көлікті қаққан. Кәрменбаев, Касимов, Есмембетова қайтыс болды. Бірнеше автокөлікке зақым келді, – деді прокурор.

Прокурордың айтуынша, айып толық дәлелденген. Сотталушы кінәсін толық мойындамаған.

Жандос Сауырбаевтың сөзінше, сотталушы сол жерден қашып кетпек болған. «Куәгерлердің сөзі осыны дәлелдейді» дейді ол.

– Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Бұл абайсызда жасалған қылмыс. Сотталуышның жеке басын, жәбірленуші тараптың пікірін, қылмыстың қоғамның қауіптілігін ескере келе Ахметжанов Дарханды екі бап бойынша (293 және 351) 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, – дейді ол.

“Өзімді кінәлі санамаймын”

Сотта сөз сөйлеген жүргізуші Ермек Шөкебаев Дархан Ахметжановқа қатаң жаза беруді сұрады. 

– Ол сондай жағдайды жасамағанда мен ондай күйге түспес едім. Ол мені сот процесі бойынша кінәлаумен болды. Мен өзімді кінәлі деп санамймын. Бірақ ауыр тиді, – деді ол.

Автобус апаты

Еске салайық, Алматыдағы автобус апаты былтыр желтоқсан айында болған еді. Осы оқиғаның салдарынан ерлі-зайыпты Талап Қасымов пен Гүлжан Ерсімбетова көз жұмған. Қайғылы оқиға болған күні олар жол жиегінде көлік тоқтатып тұрған. Апат кезінде үш баланың әкесі Айдос Әлменбаев та қаза тапты. Оның кіші қызы небәрі төрт жаста.

Үш азаматтың қаза болу фактісі бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 351 бабының 3 бөлігі "көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу " бойынша, " 293 бабының 1 бөлігі “бұзақылық”бойынша қылмыстық істерді тіркеген. Сот Жоғарғы соттың ютуб-арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, автобус жүргізушісі жәбірленуші деп танылды.