×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

Тайвань аумағында екі рет жер сілкінді

27.04.2024, 15:17
Ашық дереккөзден

Қытайлық сейсмологтар Тайвань аралының маңында екі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:21-де Тайваньның Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қытайдың сейсмологиялық орталығы.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік бойынша 24,08, шығыс бойлық бойынша 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 30 км тереңдікте жатыр.

Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.

Мұндағы жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендікте 24,21 градус, шығыс бойлықта 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 27 км тереңдікте.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Нью-Йоркте жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары