×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес

27.04.2024, 15:59
Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес
Коллаж Ulysmedia

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат беріп, Елтаңбаны ауыстыру бастамасына қатысты ойын ортаға салды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ерлан Қариннің айтуынша, Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес. Тоқаев Елтаңбаны ауыстыруға қатысты түрлі пікірдің айтылып жүргенін меңзеп, егер қажет болса, комиссия құрып талқылау қажет екенін алға тартқан.

«Президент Елтаңбаны міндетті түрде ауыстыру керек деген пікірді айтпады. Өкінішке қарай, көбі бұл мәлімдемені дұрыс тыңдамайды. Шын мәнінде, Президент ол жерде қоғамда кей азаматтың Елтаңбаға қатысты әртүрлі пікір айтып жүргенін айтты», - дейді ол.

Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, Елтаңбаны ауыстыру мәселесін қоғамдық ұйымдар мен белсенділер ұсыныс ретінде айтқан. Ұлттық құрылтайдың мүшедері де осы мәселеге үн қосқан.

«Әлеуметтік желіден көріп жүрмін. «Барлық шаруа қалғандай, енді Мемлекеттік елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысып жатыр» деген сынды пікірлер бар. Мұның бәрі жай сөз. Барлық мәселені ысырып қойып, Елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысып жатқан ешкім жоқ, – дейді Е.Қарин.

Оның айтуынша, Атыраудағы құрылтайдан кейін біраз уақыт өтсе де бұл мәселе бойынша құжат қабылдау былай тұрсын, ешқандай жиын өтпеген. Әлі күнге дейін қоғамда қызу пікірталас жалғасуда. Десе де, билік тарапынан нақты шаралар қолға алынған жоқ.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Әділет министрлігі Елтаңбаның өзгеру-өзгермеуі екіталай екенін мәлімдеген еді.