×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

«Құн төлеген»: Ақтауда адам өлтірген экс-прокурор шартты жазамен құтылды

28.04.2024, 15:59
Айдын Қазыбектің парақшасынан/суретте марқұм болған Марат Болат

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі сотталушының кінәсі дәлелденгенін, оның "абайсызда кісі өлтіру" бабымен сотталғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Досымды өлтіріп кетті»

Алдымен, бұл жағдай жайлы әлеуметтік желіге Айдын Қазыбек атты азамат жазды.

– Досымды өлтіріп кетті! Салтанат! Қоғам көңіл аудару үшін, менің досымның аты Салтанат болу керек па еді? Өлім. Қылмыс. Сот. 1,5 жыл шартты жаза! Расы керек, күттік! Соттың шешімін күттік. Осыдан 3 ай бұрын досымды өлтіріп кетті. Алматыдан Маңғыстауға жұмыс бабымен ауысқан еді. Білімді, әке шешесі, жақындары үміт артқан бала. Бар жоғы 1 жылда, Ақтау қаласының САЛЫҚ департаментінің 1 орынбасары лауазымына тағайындалды. 2023 жылдың 1 желтоқсан өзім жеке қоңырау шалып құттықтаған едім. Араға 9 күн салып досымды өлтіріп кетті. Жақындары араласпаумызды сұрады. Үндемедік.  Президент әкімшілігі бақылауда ұстып тұр деді. Үндемедік. Күттік, – дейді ол.

Жақында соттың шешімі шыққан. Ұрып, адам өлтірген адамға 1,5 жылдық шартты жаза берген.

– Условно! Ойлаңыздаршы "УСЛОВНО! Өлтірген адам бір ауданның Прокуроры еді. "Задним числом" жұмыстан босатыпты. Бала шағасына бір пәтер алып беріпті! Құн төлеген болып тұр! Екі баламен қалған досымның ЖЕСІР әйелінің пәтерге келіскенін қаралай алмаймын! Бір жағынан түсіне де алмаймын! Ал әке шешесі ше? Бауырлары ше? Достары ше? Көк тиын бізге керек емес. Әділдік болса дейміз. Бірақ, адам өлтірген адамның, шартты жаза алуына түбегейлі қарсымын! Түсіне алмаймын! Ақшаң болып, құн төлеп, адам өлтіріп, жазадан құтылып кетуге болады ма? Білмеймін! Түсінбеймін! Басыма алғаш келіп тұрған жағдай! Не айтарымды да білмеймін! Жаңа Қазақстан деген еліміз осы ма? Орысша пост жазып едім, үнсіз қалды! Қазақша қалай болар екен? Марат бауырым, алтыным, жаның жұмақта болсын! – дейді ол.

Соттан не дейді

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі бұл істі растайды. “Абайсызда қазаға ұшыратқан” деп басталған жазбада оқиғаны сот былай баян етеді.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Т. жәбірленуші М-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққаны үшін айыпталған (ҚК 106-бабының 3-бөлігімен). Сотпен анықталды: 2023-жылдың желтоқсан айында Т. жәбірленуші М-мен жанжалдасып, оны аяғымен жамбасына және жұдырықпен басынан ұрып, оған ауыр дене жарақатын салған. Жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан алған жарақаттардан қайтыс болған. Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілі мен куәгерлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді, – делінген хабарламада.

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы айыпты өзгертіп, Т-ны ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраған. Іс өзгертілген осы айып бойынша қаралған.

– Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын өкінуін, асырауында үш жас баланың, оның біреуінің үшінші топтағы мүгедек екенін ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушы Т. өзгертілген айып бойынша ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен (абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған, – деліннген хабарламада.

Қазіргі таңда іс апелляциялық сот алқасында қаралып жатыр. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары