×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Президент «Казцинк» металлургін мемлекеттік тілге деген құрметі үшін марапаттады

29.04.2024, 13:02
Фото: Ақорда

«Казцинка» ЖШС Өскемен металлургия кешені мырыш заводының күйдірушісі Сергей Панасюк халықтар арасында бейбітшілік пен достықты және ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ  мемлекеттік тілге деген құрметі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

Ол соңғы сәтке дейін оны Астанаға не үшін шақыртқандығын білмегенін мойындады.

- Маған президент әкімшілігінен шақырту келді деді, - дейді Сергей Панасюк. Ал медальмен марапатталатынымды Ақордада ғана білдім. Шынын айтқанда қатты толқыдым, Қасым-Жомарт Тоқаев күнде қолыңды қысып жатқан жоқ ғой. Әрине, қуанышта шек жоқ, көңіл-күй дегенің шарықтап кетті!

Сергей медаль алғаннан кейін жұбайы мен әкесін қуантты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Сергей Александрович Шығыс Қазақстан облысындағы үздік жас кәсіпқой маман болып танылған-ды. 31 жастағы металлург мамандығы бойынша айтарлықтай табыстарға қол жеткізді, бригадир әрі тағылымды тәлімгер болды. Казцинктік азаматтың өндірістегі ең үздік тәлімгерлердің бірі болуына оның қазақ тілін білуінің де үлкен әсері бар. Сергей оны бала күнінен меңгерген.

Мемлекеттік тілді оған Күршімде өскен әкесі үйреткен.

Серіктес жаңалықтары