×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан билігі бас тартқан әскери шеру Байқоңырда өткізілетін болды

30.04.2024, 14:47
Фото: Ақорда

9 мамырда Байқоңыр қаласында Жеңіс күніне арналған шеру өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бұл – биыл Қазақстанда аумағында мұндай шара өткізетін жалғыз қала.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған. Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де қаладағы Ленин алаңында Жеңіс шеруі өтетіні жазылған.

Бюджет қаражатын үнемдейміз

Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери парадтар өткізілмейтінін мәлімдеген.

Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды, - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары