×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қасқыр қауып алған: Шығыс Қазақстанда ашық тұрған үйге түз тағысы кіріп кеткен

30.04.2024, 21:05
Әлеуметтік желіден

Шығыс Қазақстанда ашық тұрған есіктен қасқыр кіріп кетіп бір адамды жарақаттады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ашық тұрған есіктен кіріп кеткен

Оқыс оқиға Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Быково ауылында болған. 

Үйдің кіреберіс есігі құлыпталмай қалған. Осыны пайдаланып үйге түз тағысы кіріп кеткен.   

“Үй иесі оны қуып жібермек болады. Бірақ қасқыр қарсы атылып, азаматты тістеп алған. Түз тағысы  екі итті талап, артынша қашып кеткен. Кейін ауыл тұрғындары өз жиналып, қасқырды іздеп тауып, өлтірді,”— деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Құтырған болуы мүмкін

Ал жергілікті әкімдік бұл жалғыз қасқыр болмауы мүмкін деп қорқып, төменгі Быково шағын ауданының 10 оқушысын 29 сәуірде қашықтықтан оқыту форматына ауыстырған. 

Мамандар қасқырдың мұндай әрекетке баруының себебі дала жануары құтырған болуы мүмкін дейді. Сондықтан зардап шеккен азаматтан сынама алынған. 

“Қазіргі уақытта тұрғындар арасында ауыр зардап шеккендер мен малға зиян жоқ. Қасқыр тістеп алған тұрғыннан және жыртқыштың өзінен сынамалар алынып, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, балалар штаттық режимде оқып жатыр,” - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.  

  

Серіктес жаңалықтары