×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Су тасқыны: Еліміз бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

01.05.2024, 11:52
Коллаж Ulysmedia

Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жасалып, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

ТЖМ ресми өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Атырау облысы ерекше бақылауда тұр.

Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды, - деді ол Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

ТЖМ мәліметінше, осы уақытқа дейін республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған. 6 405 адам әлі эвакуациялау пункттерін паналап отыр.

Серіктес жаңалықтары