×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Құны 230 млн теңге»: Қостанайдан Ресейге майнингтік ферманы заңсыз әкетпек болған

02.05.2024, 12:06
«Құны 230 млн теңге»: Қостанайдан Ресейге майнингтік ферманы заңсыз әкетпек болған
Фото: Pixabay.com

Қостанай облысынан Ресейге майнингтік ферманы заңсыз әкетуге тырысқандарға қозғалған іс аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта майнингіне арналған жабдықты заңсыз әкету әрекетін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қайрақ» АПП қызметкерлері тоқтатты.

2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген «А» ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп мәлімдеді Қостанай облысы МКД баспасөз қызметі.

МКД «Ерекше тауарларды бақылау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғаны ескертті.