×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

“Досымның киімі”: Алматыда полиция қызметкерінің атын жамылған азамат ұсталды

03.05.2024, 20:30
Әлеуметтік желіден

Ол полицияның формасын киіп, дүкенде тұрған кезінде әлдебіреулер оны әшкерелеген деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы, Талғар ауданы

Оқиға Алматы қаласы, Талғар ауданында болған. Қала тұрғыны жанармай құю бекетіндегі дүкенде формадағы ер адамның оғаш мінез-құлқын байқап, оның полиция қызметкері екенін байқай бастады. Алдымен жалған полиция қызметкері өзінің қызметте екенін дәлелдеуге тырысады. Кейін бұл киім менікі емес, досымның киімі деп ақталады.  Бірақ өзін әшкерелегенін сезіп, қаша жөнеледі. 

Жалған полиция қызметкерін бірден нағыз тәртіп сақшылары іздеуге кіріскен. Кейін ол азамат қолға түскен. Бүгін Талғар аудандық сотында полиция формасын заңсыз алып жүру фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды. 

 "3 мамырдағы сот қаулысымен құқық бұзушы И. ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және одан нысанды киім мен Арнайы киім – кешек тәркіленіп, 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды",-деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Серіктес жаңалықтары