×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті

06.05.2024, 18:46

Республика Сарайында ардагерлерге, Отан қорғаушыларға, сондай-ақ әскери жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» тобы, Сая Махамбет және т.б. артистер Отан, ел мен жер туралы ән салды. 

Сонымен қатар, мерекелік кеште 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери ансамблі өнер көрсетіп, патриоттық әндер айтып, би биледі. 

Мереке армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды. Олардың құрметіне IL Canto квартеті «Сағадат» және «Мықты адамдар...» әнін орындады. 

Концерттік бағдарлама эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әскери ансамбль солистері шырқаған «Менің Отаным» әнімен аяқталды.

Отан қорғаушы күніне орай, Алматының барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары және т.б. өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда Алматының аудандарында мерекелік іс-шаралар өтеді. 

Бостандық ауданында сағат 09:00-де «Ел ертеңі - бүгінгі жастар» атты салтанатты іс-шара өтіп, әскери қызметшілер марапатталады, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады.

Жетісу ауданында сағат 11:00-де «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. 

Алатау ауданында сағат 11:00-де әкімдік ғимаратының алдында «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Толығырақ Almaty.kz сайтында.

Серіктес жаңалықтары