×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Су басқан Құлсарының жағдайы қалай?

06.05.2024, 23:00
Ашық дереккөзден

Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары қаласында жағдай тұрақталып келеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Соңғы деректерді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.  

Атырау облысының Құлсары қаласында құтқарушылар 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр. 

Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кадрларда түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.  

Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 585 адам бар, олардың 279-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда. 

Құлсарыдағы наразылық

2 мамыр күні кешке Құлсарының Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан тұрғындары әкімдік ғимараты алдында жиналып тұрғанын, қажет болса шатыр тігіп сонда түнеуге дайын екенін жеткізген. Олар өз үндеуін президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.  

– Біздер топан судан зардап шеккен халық. Маңдай терімен, адал еңбегімен салған үйінің әділетті бағасы есептеліп, ақшаны қолымызға алғымыз келеді. Үйлерімізге әр шаршы метріне 400 000 теңгеден ақы төленіп, сол ақыны қолымызға алғымыз келеді, - дейді видеожазбадағы азамат.  

“Және тағы бір реттік берілген 100 АЕК көлеміндегі көмекті осы халықтың мәселесі шешілгенге беруіңізді сұраймыз” дейді азаматтар.  

Сондай-ақ шаршы метріне 400 мың теңге деген ұсыныс мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың ұсынысы екенін айтып, жиналғандар бір ауыздан “қолдаймыз” деп дауыстады. 

Құлсарыдағы ахуал 

Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен өңірлердің бірі осы Құлсары қаласы. Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалған.  Су тасыған кезде бірнеше кісінің өлімі тіркелді.

 

Серіктес жаңалықтары