×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе рейсі үш есе ұлғаяды

07.05.2024, 10:40
Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитет хабарламасы

Астана қаласында Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігі Авиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хешам Абдель Басет мырза басқарған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласқан.

Тасымалдаушылар да көбейеді

Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы "Air Astana" және "SCAT" тасымалдаушыларына "Fly Aystan" әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы "EgyptAir", "EgyprAir Cargo" және "Air Cairo" тасымалдаушыларына "Red Sea" және "Nile Air" тағайындады. 

Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдер бойынша екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екі тараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары