×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ақмола облысында полиция бастығының орынбасары бағыныштыларын ұрды деп айыпталды

07.05.2024, 16:58
Sputnik

Әлеуметтік желілерде Ақмола облысында жоғары лауазымды полицей бағыныштыларына қол көтергені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облысының Астрахан полиция бөлімі бастығының орынбасары подполковник Абдуахитов Ахат өз қарамағындағыларды ұрып-соққаны хабарланады.

Кейбір мәліметке қарағанда, ол бұрын да бағыныштыларына қол көтерген. Бірақ басшылық оны ылғи "түсініп, кешіріп" келген.

Ақмола облысының полиция департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары