×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен

08.05.2024, 14:11
Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен
Фото: ferret-pet.ru

Ақмола облысы Зеренді ауданының жергілікті депутаты көлігімен итті басып өтіп, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Оқиға 3 мамырда болған.

А. есімді азамат жұмысына кетіп бара жатқанда, тұрақ орнында жатқан итті басып өтіп, оған тіпті мән бермеген. Әріптестерінің көзінше көлікті қойып, түсіп, "жұмысына" кетіп қалды! Ол тіпті келмеді, жанашырлық танытпады! – деп жазды видео авторы. 

Куәгерлер итті құтқармақ болғанымен, ол сол жерде өліп қалған.

Шенеунік жауапкершіліктен жалтарып жатыр

Мұндай адамдар біздің ауданда қалай басшылық қызметтерді атқарады? Адамдардың көзінше тұрақтағы жануардың үстінен басып өтіп, істеген ісіңе өкініш білдірмеу – садистік әрекет! – деді куәгерлер.

Оқиға барысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кінәлі шенеунік жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатқан көрінеді.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. .