Оксимирон атымен танымал рэпер Мирон Федоворқа Ресей билігі іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей өнерпазы Оксимирон Ресейде іздеуде екені жарияланды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалған. Бірақ іске нендей себеп негіз болғаны әлі белгісіз.
Оксимиронның шын аты Мирон Федоров. Оның есімі Ресей ІІМ сайтында іздеуде жүрген қылмыскерлер бөлімінде пайда болды.
Ресей Әділет министрлігі рэперді 2022 жылдың қазан айында шетелдік агент деп таныған.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Оксимирон басқыншы соғысқа бірден қарсылық білдіріп, көп өтпей елінен кеткен. Кейін "Ресейліктер соғысқа қарсы" атауымен қайырымдылық концерттерін өткізе бастаған.
Рэпер концерттерден түскен қаражаттың бәрі украин босқындарының балаларына көмектесетін поляк "Әулие Николай қоры" қайырымдылық қорын жіберілетінін хабарлаған.