×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

350 отандық өндіруші Alibaba, Amazon мен OZON алаңына шығады

05.11.2021, 15:05
Фото: ашық дереккөзден

350 отандық өндіруші Alibaba, Amazon мен OZON алаңына шығады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Әсет Ерғалиевтің сөзінше, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «Шикізаттық емес экспортты ілгерілету» бағыты аясында бірқатар бастама қолға алынып отыр.  Оның ішінде экспорттаушылардың құзыретін арттыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылмақ. 


 «1 000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарыққа шығуы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 350 экспорттаушыны электрондық сауда платформасына (Alibaba, Amazon, OZON) шығару жоспарланып отыр», - деді министр. 

Шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту бағытындағы тағы бір жоба   отандық өнімдердің халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін зертханалық кешендердің 30 пайызы жаңартылады. 

Серіктес жаңалықтары