Бірнеше оқушы бір балаға жабылып, күш көрсетіп оны видеоға түсіріп тұрған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бейнежазба телеграмм арналардың бірінде жарияланды.
Маңғыстауда болған
Арнаның хабарлауынша оқиға Маңғыстау облысындағы №28 мектепте болған.
Бейнежазбада қатысушылардың бет жүзі жасырылып, дауыстары өзгертілген.
Әуелі бір топ оқушы бір балаға әкіреңдеп, ұруға оқталғанын байқауға болады. Кейін араларынан біреуі жәбірленушіні бөлек шығарып алып кетеді. Артынша оған соққы жұмсап, қалғандары да тепкілейді.
Қылмыстық іс қозғалған
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция.