×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Су тасқыны: Жайық суының деңгейі әлі көтеріліп жатыр

12.05.2024, 11:30
Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысындағы Жайық өзені күн санап көтеріліп келеді. Құтқарушылар су тасқынына қарсы бөгендер жасап қауіптің алдын алуға тырысып жатыр. ҚР ТЖМ мәліметінше сол маңда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов те жүр.  

Жайық өзенінің деңгейі әлі де болса көтеріліп келеді.  

  • Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см.  
  • Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см. 
  • Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см.  

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Бұдан да көтерілуі мүмкін деп болжам бар. 

Республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. 

11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5  млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары