×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Шошқа бүйрегін салдырған адам қайтыс болды

12.05.2024, 13:55
Фото: Guardian

Генетикалық түрлендірілген шошқа бүйрегін салдырған азамат екі айдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бүйректің қатысы жоқ

Операция жасаған аурухана дәрігерлері оның өлімніне шошқа бүйрегінің қатысы жоқ дейді.

Кем дегенде екі жыл...

Биыл наурыз айында 62 жастағы Ричард Сүлейманға Массачусетс ауруханасында  трансплантация жасалды. Хирургтар сол кезде шошқа бүйрегі кем дегенде екі жылға жарайды деп мәлімдегені жөнінде Guardian басылымы жазды.   

Массачусетс ауруханасының трансплантациялау тобы Ричард Сүлейманның жақындарына қайғырып көңіл айтты. 

Сүлейман модификацияланған шошқа бүйрегін трансплантациялау процедурасынан өткен алғашқы тірі адам болды. Бұрын эксперимент ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланды. Екі адам шошқа жүрегін салдырған бірақ екеуі де бірнеше айдан кейін қайтыс болды. 

Қазақстандағы донор тапшылығы

Айта кетейік, Қазақстанда да ағза донорлығы қат болып тұр. Елімізде 4 мың адам шұғыл түрдегі ағза трансплатациясына зәру.  

Серіктес жаңалықтары