×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Елорда кубогі»: Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын нокаутқа жіберді

13.05.2024, 17:45
Фото: boxingkazakhstan/Instagram

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Астанада өтіп жатқан "«Елорда кубогінің» алғашқы айналымында қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аса ауыр салмақта сынға түсетін ол қырғыз боксшысы Бектұр Алимбекулумен жұдырықтасып, екінші раундта бүйірінен ауыр соққы жасап, нокаутпен жеңіске жетті.

Енді Қамшыбек екінші айналымда ирандық боксшы Сафари Роузбехқа қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов те алғашқы кездесуінде қырғыз боксшысынан басым түсті. 

Серіктес жаңалықтары