×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

25 жыл қызмет еткен баспанасыз полковник ҰҚК-ны сотқа берді

15.05.2024, 19:15
gov.kz

Соттың мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері денсаулығына байланысты жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысының сотында отставкадағы полковник ҰҚК-нің үстінен арыз түсіргені айтылды.

Толығырақ

Полковник қызметте 25 жыл болған. Кейін денсаулығына байланысты запасқа шығарылған. Қызмет көрсету кезеңінде қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген, біржолғы тұрғын үй төлемін алмаған.

Ол ҰҚК-нің БҚО бойынша департаментіне жүгінгенімен, ол жерде өтініші орындалмаған. Ары арай ҰҚК-ның үстінен шағым түсіреді. Онда запастағы офицердің бүкіл қызмет мерзімі үшін біржолғы тұрғын үй төлемін алуға құқығы бар екендігі расталған.

Содан кейін ол сотқа департаментті өзіне ақша төлеуге міндеттеу үшін жүгінген.

Сот

– Сот істің материалдарын зерделеп, Қарулы Күштерде тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерді тану мәселесін және тұрғын үй қатынастары жөніндегі басқа да мәселелерді тұрғын үй комиссиясы қарайтынын анықтады.

Демек, департаментке тұрғын үй төлемін беру немесе беруден бас тарту мәселесін шешуге өкілеттік берілмейді, өйткені ҰҚКД бұрынғы әскери қызметшісінің баянаты талаптарына сәйкес жауапкердің тұрғын үй комиссиясында қаралуы тиіс. Жауапкердің әрекеттерімен мекеменің тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде әкімшілік актіні алуда талапкердің құқықтары шектелді, - делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот полковниктің талабын қанағаттандырды.

Серіктес жаңалықтары