×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әділет министрлігі өтініш берген тағы екі партияны тіркемеді

16.05.2024, 12:11
Әділет министрлігі өтініш берген тағы екі партияны тіркемеді
Kazpravdaс

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, қазір ведомствоның қарауында ешбір өтініш жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековадан тіркеу рәсімінен өтіп жатқан жаңа саяси партиялардың бар-жоғы туралы сұралды.

Жауап

– Қазір жеті партия тіркелген. Бүгінгі жағдай бойынша Әділет министрлігінің қарауында қандай да бір саяси партиялардан түскен өтініш жоқ. Жыл басталғалы министрлікке партия құру туралы үш хабарлама келіп түсті деп айта аламын. Олар қарастырылды. Бір хабарлама бойынша "Ынтымақ" партиясы қолдау тапты. Екі өтінішті орындаудан бас тартылды. Онда құжаттар дұрыс тәртіпте болмады. "Алға, Қазақстан" және "Халық дербестігі" партиялары бойынша тізімдердің сәйкес келмеуі себебінен бас тарттық, - деді ол.

Бұған дейін Ботагөз Жақселекова 2023-2024 жылдары 17 саяси партия тіркеуге өтініш бергенін, алайда оларды ведомство тіркемегенін мәлім еткен еді.