×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әділет министрлігіне бір жылда өтініш берген 17 саяси партияның бірде-бірі тіркеле алмады

14.03.2024, 11:38
Kazpravda.kz

Қазақстанның әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 2023-2024 жылдары 17 саяси партия тіркеуге өтініш бергенін, алайда оларды ведомство тіркемегенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат дәлізінде вице-министрден тіркеуге құжаттарды бірнеше рет тапсырған жаңа "Ынтымақ" партиясы қашан тіркелетіні сұралған. 

– Шынында да, қоғамнан министрлікке әртүрлі бастамашыл топтардан ұсыныстар үнемі келіп тұрады. Соның ішінде Ынтымақ бойынша бастамашыл топтың өтініші расталды. Бүгінгі таңда бізде бастамашыл топқа растау құжаты берілді. Қазір білуімше, олар құжаттарды тікелей тіркеуге тапсыруға дайындап жатыр, - деді Жақселекова.

Вице-министрден журналистер партияны тіркеуден бас тартудың нақты себептерін атауды сұраған, бірақ ол атамады.

Сондай-ақ, журналистер вице-министрден былтыр партияны тіркеу туралы қанша өтініш түскенін сұрады.

– 2023-24 жылдары түрлі бастамашыл топтардан тіркеу бойынша 17 өтініш келіп түсті. Енді бұл тұрғыда әр тармақ бойынша ескерту бар, әрине, оның бәрін қазір атай алмаймын. Мен дәл айта алатыным: партиялардың тіркеуден бас тартуының негізгі себептерінің қатарында рәсімдердің сақталмауы және тіркеуге тікелей өтініш берген кездегі, адамдар тізімімен жұмыс істеудегі мәселелер бар, – дейді ол.

Бұған дейін президент сайлауына түскен Мейрам Қажыкеннің саяси белсенділігі талқыланып жатқаны хабарланған еді. Таяуда Қажыкен партиясын тіркеу жөнінде кезекті өтінішін Әділет министрлігіне тапсырған. 

Серіктес жаңалықтары