×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Премьер-министрдің өртенген мүсіні: Лондонда миллиондаған бетперделердің шеруі өтті

06.11.2021, 10:46
Фото: ria.ru

Жыл сайынғы «Анонимді миллион маскалар шеруіне» қатысушылар Лондондағы Трафальгар алаңында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның мүсінін өртеп жіберді. Шеру кезінде сегіз полиция қызметкері жараланып, 12 қатысушы ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дің мәліметінше, Кешке Трафальгар алаңына жиналғандар Борис Джонсонның картоннан жасалған мүсінін көрмеге қойып, кейін өртеп жіберді. Алаң аумағына үлкен полиция күштері тартылды, бірақ олар шеруге араласпай, бақылап тұрды. Кейбір қатысушылар WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды босатуды, басқалары вакцина алғаны туралы паспортты жоюды талап етті. Наразылық білдірушілердің тағы бір тобы «Трамп жеңді» деп жазылған үлкен жалаумен келді.

«Лондондағы бүгінгі шеруді патрульдеу кезінде полиция 12 адамды ұстады. Олар түрлі құқық бұзушылықтар үшін қамауға алынды. Сегіз полиция қызметкері жарақат алды. Бұлай болғаны дұрыс емес», - делінген полиция Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары