×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Инстаграмда заңсыз лотерея өткізген – Павлодарда блогер жазаланды

17.05.2024, 09:29
Инстаграмда заңсыз лотерея өткізген – Павлодарда блогер жазаланды

Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кеткен. Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лоторея өткізгендер ондап саналады

Министрліктің хабарлауынша, ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты негізде интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге қатысты әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттама жасалған.

Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдаған. Бұдан бөлек 35-тен астам жағдай бойынша хаттамалар дайындалып жатыр.

Заң тыйым салады

Қазақстанның «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңына сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты министрлік азаматтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Жыл басында Жетісу облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея қызметін ұйымдастырғаны үшін жазаланған