×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қазақфильм картиналарының табысы мемлекеттен алған ақшаның 5% да ақтамайды

17.05.2024, 16:17
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы Парламенті Мәжілісінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– “Қазақфильм" акционерлік қоғамы шығарған кинокартиналардың жинаған үлесі оларға жұмсалған бюджеттің 4,8%-ын құрады. Сонымен қатар, фильм мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін іске асыру мерзімін ұзарту – отандық киноны өндіру және прокаттау процесінде ашықтықтың болмауына алып келеді, – дейді Нұрлан Нұржанов.

Еске сала кетейік, Азамат Сатыбалды былтыр Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті болып тағайындалған еді. 

Былтыр жылдың соңында Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталғанын хабарлады. Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталған.

Серіктес жаңалықтары