×
$
465.74
537.23
5.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.74
537.23
5.62

Кореядан Қазақстанға экстрадицияланған Ұлан Байболов қамауға алынды

Бүгін, 10:08
Кореядан Қазақстанға экстрадицияланған Ұлан Байболов қамауға алынды
Видеодан алынған кадр

Қаржылық мониторинг агенттігі Интерполдың қолдауымен халықаралық іздеуде болған Ұлан Мұхтарұлы Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Салықтан жалтарған топқа қатысы бар

Тергеу деректеріне сәйкес, Ұлан Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

Қылмыстық әрекет кәсіпорындарды сатып алып, оларды жалған басшылардың атына қайта тіркеу арқылы жүзеге асырылған. Олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізіліп, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізілген. Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған

Тергеу мәліметінше, осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірі – «Сфера» ЖШС. 2014 жылы Ұлан Байболов аталған серіктестіктің директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Нәтижесінде топ мүшелері серіктестіктің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Күдікті қамауға алынды

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі екені заңды күшіне енген сот үкімімен анықталғанға дейін ол кінәсіз деп есептеледі.