×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Миллион долларға сатылған майлық

17.05.2024, 22:35
Миллион долларға сатылған майлық
Әлеуметтік желіден

Ол аңызға айналған аргентиналық футболшы Лионель Месси мен каталондық Барселона арасындағы алғашқы келісім-шарт. Себебі дәл осы құжат майлыққа жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bonhams аукцион үйіне сілтеме жасап. 

Келісім-шартты майлыққа жазған

Лионель Месси мен “Барселона” өкілдері 2000 жылы алғашқы келісім-шартты майлыққа жазған. 21 жылға созылған қос тараптың байланысы осылай басталған.  

965 мың доллар

Сол майлық аукционда 965 мың долларға сатылды.  

Келісімшарттың мәтіні Мессидің әкесі Хорхені мәміле жасалатынына сендіруге арналған. Сол кезде Хорхе келіссөздер тоқтап қалғандықтан Мессиді Барселонадан алып кетемін деп қорқытты. 

Көп ұзамай клубпен ресми келісімшарт жасалды. 

Ары қарайғы тарих футбол сүйер көрерменге жақсы белгілі. Месси “Барселона” сапында футболдағы барлық жүлдені жеңді деуге болады. 4 мәрте чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, 8 мәрте алтын допты еншіледі.   

Футболшы қазір америкалық "Интер Майами” клубында өнер көрсетеді.