×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны қаупі: екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

19.05.2024, 12:55
Су тасқыны қаупі: екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
ашық дереккөзден

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы Атырау - Орал автожолының үш учаскесінде су басу қаупіне байланысты қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қазавтожолға сілтеме жасап.

Қай жолдарға шектеу қойылды

Келесі автомобиль жолдарын су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

  • «Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін).
  • «Атырау-Орал» автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы.

БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды:

«Атырау-Орал» автожолының 189-492 шақырымы, Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.