Экипаж мен жолаушылар қайтыс болғаны да жөнінде де ақпарат тарады. Кейін Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап.
Иран президенті Раиси Ибрагим тікұшақ апаты кезінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Reuters агенттігі Иранның шенеуніктерінің біріне сілтеме жасап.
Иран президентінің тікұшағындағы барлық адамдар қайтыс болды деп саналады, деп хабарлайды басылым.
Көп өтпей Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы тікұшақта болғандардың бәрі де көз жұмғанын хабарлады.
Тікұшақ апаты
Иран президенті Ибрагим Раисиді әкетіп бара жатқан Ми-171 тікұшағы апатқа ұшыраған еді. Tasnim және IRIB басылымдары бортта Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян да болғанын жазады. Президентпен бірге олар Әзірбайжаннан қайтып келе жатқан.