×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаржы министрлігінен кеткен Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

20.05.2024, 08:37
Қаржы министрлігінен кеткен Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлихан Смайыловтың кабмині тарағанда ол қаржы министрі әрі вице-премьер қызметін атқарған болатын.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

Білімі:

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.  

2009 жылы Международная бизнес-школа при Казахском университете им. Т. Рыскулов атындағы Қазақ университетінің жанындағы халықаралық бизнес-мектебінде «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілдендірудің магистрының академиялық дәрежесін алған.  

Әр жылдарда халықаралық қаржы ұйымдары мен батыстың орталық банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Монетарлық саясат стратегиясы және оны Еуропалық орталық банкте жүргізудің ерекшеліктері», «Макроэкономикалық басқару», «Қаржы нарығының құралдары», «Қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін көтерген.

Еңбек жолы:

1996-1998 жж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясында тәлімгер-оқытушы.

1998-2006 жж. – жетекші сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы-маман, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары.

2006-2014 жж. – Ұлттық банктің үйлестіру департаменті директоры.  

2014-2015 жж. – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директор.

2015 жылдың маусым-қарашасы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015-2018 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісі.

2018 жылдың 29 қарашасынан – 2019 жылдың 22 наурызы – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 22 наурызынан - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы қаржы министрі болған.

2024 жылға дейін қаржы министрі әрі вице-премьер қызметін атқарған.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдары