×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

«Шалдың көркі тоқалея»: Мұхтар Шаханов қазақ қызын алған бразилиялық файтерге батасын берді

«Шалдың көркі тоқалея»: Мұхтар Шаханов қазақ қызын алған бразилиялық файтерге батасын берді
Фото: видеодан кадр

Әйгілі ақын Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшы Дуглас Пумаға батасын берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видео болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар, - деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Еске салсақ, Пума «Naiza" промоушенінде өнер көрсетеді.

Ол кім

Шавкат Рахмоновтың бразилиялық Мишель Празересті жеңгенінің арқасында қазақстандық файтерлер туралы білдім. Содан кейін Қазақстанды көргім келді. Алматыға келген күні бұрын көрмеген қар жауды. Бұл таңғаларлық болды.

Қазақстанға көшу менің спорттық мансабымның жаңа кезеңі болды. Мұнда мені ең жақсы тәлімгерлер оқытады. Мысалы, бапкер Эдуард Базров менің күресте қалыптасуыма көмектеседі. Бразилияда мұндай деңгейдегі кәсіпқой балуан болған жоқ. DAR Team командасының бас жаттықтырушысы Азиз Разыев та мені болашақ чемпионатқа дайындап, әлемдік деңгейдегі әмбебап боксшы болуыма күн сайын көмектесуде.

Қазақстан әділетті түрде әлемдегі ең мықты жауынгерлердің отаны әрі мұнда жаттығу менің көптен бергі арманым еді, – дейді ол сұхбаттарының бірінде.

Ол әйелімен 2022 жылдың мамыр айында сауда орталығында танысқан. 2023 жылы 20 желтоқсанда мешітте неке қиып, неке рәсімін өткізген.

Дуглас Ислам дінін қабылдаған.