×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сотта жылаған Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Исаховқа үкім шықты

20.05.2024, 11:32
Сотта жылаған Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Исаховқа үкім шықты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкім

Шымкент сотында қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов пара берді деп айыпталған. Сот шенеунікті кінәлі деп тауып, 8,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді. Сондай-ақ, Исаховты өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды.

«Айып етпеңіздер...»

Еске салсақ, былтыр шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховты ұстаған болатын. 

Шенеунік бұған дейін болған сот отырысында жылап жіберген еді. 

Жалғыз адамдық камерада отырғанда ешкімді көрмейсің, ештеңе білмейсің. Таразының бір басында 10-15 жыл, бір жағында алты балам, бесеуі кәмелетке толмаған, 75 жастағы кәрі анам бар. Таңдау жасау өте қиын, ешкімнің басына мұндай сынақ бермесін. Айып етпеңіздер, – деді айыпталушы Мақсұт Исахов.

Мақсұт Исахов М. Сарбасовқа аса ірі көлемде пара бермек болды деген күдікке ілінген еді.