×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды

20.07.2023, 11:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімнің орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.

Еңбек жолын Ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Исахов кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы,  аталған қалада Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Еске салайық, 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар Исаховты соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары