×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Басқа күштер жағдайды пайдаланып кетті – Жапаров Бішкектегі тәртіпсіздіктен кейін үндеу таратты

20.05.2024, 18:57
Басқа күштер жағдайды пайдаланып кетті – Жапаров Бішкектегі тәртіпсіздіктен кейін үндеу таратты
Фото: Ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 17-18 мамырда Бішкекте болған тәртіпсіздіктерге байланысты үндеу таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жапаров не деді

Қырғыз мемлекетінің басшысы өз үндеуін қырғызстандықтарға жолдады.

– Өкінішке қарай, біз бәрімізді алаңдататын қоғам өміріндегі жағымсыз оқиғаға тап болдық. Болған оқиғаның мәнін түсінбей, арандатушылыққа бой алдырған бір топтың әрекеттері салдарынан біздің халқымыз бен мемлекетіміздің көп бөлігі күрделі жайтпен бетпе-бет келді. 18 мамырда интернетте 13 мамырда болған оқиға туралы әртүрлі ақпарат пен бейнематериалдардың таралуының салдарын бәріміз көрдік. Иә, егер құқық қорғау органдары жедел шара қабылдағанда мүмкін мұндай жағдай болмас еді, - дейді Садыр Жапаров.

Ол ІІМ 13 мамырда болған оқиғаның кінәлілерін ұстағанын және жедел әрекет еткенін айтты.

– Бірақ, өкінішке қарай, жағдайды ушықтыруға мүдделі басқа күштер осы сәтті өз пайдасына жаратты. Біздің патриоттық көзқарастағы жастарымыздың шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын тоқтату және мұндай қызметке жол беретіндерге қатысты қатаң шаралар қабылдау талаптары, әрине, дұрыс. Мұндай талаптар бұрын да қойылған. Тиісті мекемелер бұл мәселелерді талдап, қажетті шараларды қабылдай бастағаны белгілі, - дейді ол. 

Қырғызстан президенті заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау бойынша жұмысты МКҚК және ІІМ жүргізгенін атап өтті.

– Мен атап өткенімдей, интернетте пайда болатын барлық нәрсеге сене отырып, жағдайды объективті бағалай және талдай алмай, сіз ұлттық сезімді қоздыратын арандатушылық үндеулерге бой алдырдыңыздар әрі біздің даму жолына түскен мемлекетімізге және ежелгі заманнан бері қонақжайлылығымызға зиян келтірдіңіз. Бұл өте өкінішті жағдай! Біз "бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" дегендей, оңай пайда табуды көздейтін бірнеше арандатушыларға лас жоспарларын жүзеге асыруға жол бермейміз! - деді Садыр Жапаров.

Оның айтуынша, 13 мамырдағы оқиға тергеліп жатқанда, кінәлілер ұсталып, іс жүргізілген. Қырғыз мемлекетінің басшысы сондай-ақ жас патриоттар бұл аса қауіпті жағдай туралы білмегенін атап өтті.

– Тек жастар ғана емес, бүкіл халық "иә, бұл рас"деп сеніп, айта алатын жағдай туындады. Сондықтан мен билік органдарына "жағдайды бақылауға алыңыздар, жастармен үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер әрі жағдайды соқтығысусыз тұрақтандыруға тырысыңыздар" деп бұйрық бердім. Егер тонау, полицияға шабуыл немесе жатақханадағы студенттерге шабуыл жасалса, онда біз қатаң шаралар қолданар едік. Бақытымызға орай, бұл болған жоқ, – дейді ол.

Оқиға неден басталды

Бішкекте 300-ге жуық жас жігіт жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көшеге шығып, тәртіпсіздік жасаған. Бұған жауап ретінде қала милициясы барлық жеке құрамды жауынгерлік дайындық жағдайына келтірді.

Оқиға 7 сәуір мен Огонбаев көшелерінің қиылысында болды. Жиналған жас жігіттер шетелдіктермен төбелесіп қалған, бұл құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласқан.

Құқық қорғаушылар кордон қойып. ашынған топты тоқтатуға тырысқан.

Бірнеше рет адамдар кордонды бұзуға тырысты, бірақ тәртіп сақшылары оларды ұстап алып, 10-ға жуық адамды қамауға алынды. Оқиға салдарынан шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғу фактісі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.