×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Бір блогердің бағасы 1,500, 000 теңге»: Қазақстанды жарнамалаудың құны қанша?

20.05.2024, 22:10
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы  Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов Jibek Joly телеарнасыдағы “Уәде” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1,500, 000 теңге

Сәдуақасовтың сөзінше Қазақстанды жарнамалау үшін бір блогер орта есеппен 1,500, 000 теңге алады. Бұл тізімде шет елдік те, қазақстандық блогерлер бар. Мысалы қытайлық немесе кәріс блогері Қазақстан туралы жағымды контенті үшін осындай сомма алуы мүмкін.  

“Әсіре дрон ұшыратын блогерлерге көп рақмет. Олар өш қызығушылықтары үшін жұмыс істейді. Мысалы Әділет Рахметолла, Бекмамбетов, Анзор Гасаев. Осы жігіттерге рақмет айтқым келеді. Аймақтар оларды қолдауы керек.Себебі олар аймақтардың танымал болуына ықпал етіп жатыр,” - деді Қазақтуризм басшысы.  

Оның сөзінше Қазақстандағы көрнекі жерлерге турист тарту үшін алдымен мемлекетті жарнамалау керек. 

“Қожа Ахмет Йассауи кесенесін немесе Шарын шатқалын білмес бұрын алдымен Қазақстан деген мемлекетті әлемде тануы керек,” - деді Сәдуақасов.  

Бірізділік жоқ

Бірақ Қайрат Сәдуақасов Қазақстанды шет елдіктер үшін жарнамалауда бірізділік жоқ екенін атап өтті.  

“Қазір бәрі өздігінен жарнамаланып жатыр. Қандай да бір облыс шығып BBC-ге жарнама бере алады. Мысалы Түркістан облысы, Алматы қаласы. Мемлекет туралы жарнама бір үнмен, бір мақсатпен тарауы керек. Әйтпесе шашыраңқы болады. Мақсатқа жетпейміз,”- дейді Қайрат Сәдуақасов.  

Еске салайық Қайрат Сәдуақасов Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып былтыр желтоқсан айында тағайындалған еді. 

Серіктес жаңалықтары