×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: алты адам жалған ақпарат таратқаны үшін қамалды

21.05.2024, 10:31
Су тасқыны: алты адам жалған ақпарат таратқаны үшін қамалды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Үкіметтің мәліметінше, екі іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов су тасқыны кезінде таратылған жалған ақпараттарға байланысты депутаттық сауалға жауап берді.

Толығырақ

Бектеновтың айтуынша, бұл бағытта БАҚ пен әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

– Барлығы 41 рет жалған ақпарат тарағаны және оның алтысының бастапқы көзі анықталды. Жалған ақпараттың негізгі бөлігі мессенджерлерде жалған мәліметтердің таралуына байланысты болды. 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алтауы қамауға алынды, екі факт бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, қалғандарына айыппұл салынды, - деп жауап берді премьер.

Сондай-ақ, ол 92 жазба Бас прокуратураға құқықтық бағалау үшін жіберілгенін айтты.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.