×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Назарбаев Университетінің ақшасына да, академиялық еркіндігіне де тиіспейміз – министр

21.05.2024, 13:41
Назарбаев Университетінің ақшасына да, академиялық еркіндігіне де тиіспейміз – министр
ашық дереккөзден

Қазақстанның Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсудың "оқу орнының академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр" деп мәліме еткен сөзіне жауап берді. Министр бұл дабылды негізсіз дегенге келтіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің не дейді

– Біріншіден, қазіргі таңда Үкімет және біздің министрлік тарапынан Назарбаев Университетінің әлеуетін сақтап қалу, академиялық дербестігін сақтап қалу әрекеттері жасалып жатыр. Жауапты түрде мен сізге айтайын: Назарбаев Универитетінің қаржыландыру сұрақтарына, академиялық сұрақтарына ешқандай Үкімет тарапынан шектеу немесе тоқтату болмайды, – деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр оқу орнының жаңа басшысын іріктеу жұмыстары жалғасып жатқанын, өзі бірнеше кандидатпен сөйлескенін, олардың бәрі де Абу-Дабиде, Канадада еңбек еткен мықты мамандар екенін айтады.

– Жақын арада жаңа президенті тағайындалады. Өте мықты, тәжірибелі маман іздеп жатырмыз, – дейді ол.

Саясат Нұрбек оқу орнының әлеуетін көтеру басты мақсат екенін айтады. Сөзінше, мүмкін бірнеше тиімсіз бағыттар жабылуы мүмкін, бірақ негізгі қолдау еш өзгермейді дейді ол.

– Халықаралық стандарттарға сай, толыққанды зерттеуші оқу орны – Назарбаев Университеті. Жақында QS халықаралық рейтингі шыққан. Сона НУ Қазақстанда, Азиядағы жақсы университеттердің ішінде бірінші орында тұр, – дейді ол.

Катсудың өкпесі

Еске сала кетейік, бұған дейін Назарбаев университетінің бұрынғы ректоры Шигео Катсу сұхбат беріп, университеттің академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұрғанын мәлім еткен еді. Ол былтыр күзде саяси қысымның салдарынан отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтқан. Әлі де университеттің қамқоршылық кеңесінің мүшесі екенін жеткізген еді.

Катсудың айтуынша, бұрынғы президент Назарбаев ашқан оқу орындары мен ұйымдар 2022 жылдан бастап биліктің қысымына ұшырай бастаған.  
Катсу былтыр қазан айында Назарбаев университетінің Жарғысына түзетулер енгізілгенін, бұрынғы президентке қатысты тұстары жаңа редакцияланған Жарғыдан алынып тасталғанын айтты.