×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өндіріс, туризм, құрылыс: Маңғыстау облысының жаңа әкіміне қандай міндет қойылды?

21.05.2024, 20:30
Өндіріс, туризм, құрылыс: Маңғыстау облысының жаңа әкіміне қандай міндет қойылды?
Ақорда

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Маңызды міндеттер

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді: 

  • өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды; 
  • туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс; 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті. 

Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Сондай-ақ өңірдегі су тапшылығын жою үшін «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын арттырып, жеке инвестициялар есебінен қосымша сумен қамтамасыз ету нысандарын іске қосу қажет. 

Бұған дейін

Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалғанын хабарлаған едік. 

Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде Маңғышлақ облысы Бейнеу кентінде туған. Ұлты қазақ.

Ол Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды үйымдастыру инженері» мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия улттық университетін (2003) «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан) болған. 1999 жылдан «Қазақстан темір жолы» ¥К» АҚ Атырау тасымалдау бөлімшесі стансасында кезекші, 2000 жылдан - «Астана» стансасының кірме жолдар бойынша жүктерді қабылдаушы-тапсырушысы, аға қабылдаушытапсырушысы, 2002 жылдан магистраль желісі дирекциясының техникалық басқару технологиялық үдерістері қауіпсіздігі белімінің бас маманы, бастығы қызметін атқарған.

2018-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдың маусым айынан бастап Ақтау қаласының әкімі лауазымында болды.

2022 жылдың қазан айынан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал былтыр «Өзенмұнайгаз» компаниясының бас директоры болып тағайындалды.