×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Астанада оқушы балконда салбырап тұрған 5 жасар қызды құтқарып қалды

21.05.2024, 22:25
Астанада оқушы балконда салбырап тұрған 5 жасар қызды құтқарып қалды
Видеодан скриншот

Видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ыстық ықыласын тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Оқиға Астанадағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған.  

№ 31 мектеп-гимназиясының 7”Д”сынып оқушысы Ақан Әкімжанов аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. 
 
Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

“Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді,”- деп жазды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

“Нағыз батыр”, “жарайсың”, “сендей ұлды тәрбилеген ата-анаңа рақмет” деп жазды желі қолданушылары.