×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстанда ресейлік «вор в законе» ұсталды

22.05.2024, 16:16
Фото: dzen.ru

Қазақстандық полицейлер қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды иеленген деп айыпталып, шетелде жасырынбақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігінің ресми сайты мәлім етті.

Қазақстандық полицейлер Степан Фурманды Самара облысының қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне тапсырды. Ол Ресей сотынан қашпақ болған кезде ұсталған.

Ведомство өкілдері Фурманның Ресей Федерациясында бірнеше рет сотты болғанын атап өтті. Оған Ресей Ішкі істер министрлігінің Мурманск облысы бойынша өтініші негізінде Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған.

Толығырақ

2021 жылы айыпталушы Португалияда ұсталып, 2022 жылы Ресейге экстрадицияланған.

2024 жылғы 20 мамырда іс сотқа қарауға жіберілген, алайда 19 мамырда Фурман Ресей аумағынан қашып кеткен.

РБК сайты тергеу Фурманды 1994 жылы «заңды ұры» болған деп топшылайтынын жазған. Айыпталушы мұны жоққа шығарған. Фурманның төрт рет, оның ішінде екі рет зорлау бабы бойынша сотталғаны белгілі болды.

Адвокаттар Фурманның «қылмыс әлемінің серкесі» болуы мүмкін емес екені, өйткені ол сол кездері қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанын алға тартқан.

Серіктес жаңалықтары