Дубайда 2021 жылға шегерілген EXPO-2020 көрмесі өтіп жатыр. Павильонды жасақтап, оны күтуге Қазақстан 8 миллиард теңге ($19 миллион) жұмсады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көрме тақырыбы: «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру». Мұнда 192 мемлекет өз павильондарын таныстырды.
Павильонды жасақтап, оны күтуге Қазақстан 8 миллиард теңге ($19 миллион) жұмсады. Біз ол жерде қандай қызық бар екенін Instagram парақшамыздан көріңіздер.
Павильон 3 бөліктен тұрады: Мәдениет/ Көркем инсталляция / Басты шоу. Павильонға кіреберісте қазақ «даласына» тап боласыз. Ол жердегі қызметкерлер қонақтарды тарту үшін барын салады. Ұлттық ән-күймен қарсы алып, алдарына қымыз тартады.
Мәдениет бөлігінде ұлттық киімдер, көшпелілер мәдениетінің өнертабыстары, қазақтың зергерлік бұйымдар, тәңірлік сенім, көшпелі күнтізбе, киіз үй тігуді үйрететін электронды ойын, «Алтын адам» мұрасы көрсетіледі.